
ҚР ТЖМ Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің жедел-құтқару жасағы Ақтау қаласы құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Нұрсұлтан Жамбулұлы Орынбасаров облыс әкімдігінің мәжіліс залында Мемлекеттік жастар саясатын дамытуға және Маңғыстау облысының Азаматтық қорғау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Н.Ж.Орынбасаров азаматтық қорғау органдарында 2018 жылғы наурыздан бастап жұмыс істейді.
Нұрсұлтан суға батқан адамдарды іздестіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады. Оларға медициналық және басқа да көмек көрсетеді. Авариялық-құтқару құралымы құрамындағы практикалық іс-қимыл дағдыларын жетілдіреді және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстардың технологиясын мүлтіксіз сақтайды. Бірнеше рет техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатысты. Бас құтқарушы Нұрсұлтан Орынбасаров құтқару құралдарының судағы апатқа ұшырағандарға шұғыл көмек көрсетуге дайындығын бақылайды. Мәселен 2021 жылғы 6 қыркүйекте Н.Орынбасаров суға батып бара жатырған Бейнеу ауданының 1983 жылы туған тұрғынын құтқарды.
Маңғыстау облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметінің қоғаммен байланыс тобы