Құтқарушылар бірқазан құсын құтқарды

Құтқарушылар бірқазан құсын құтқарды

27 желтоқсанда мұздатылған су қоймасындағы айналма көпірдің астынан Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қанаты зақымдалған бірқазан құсы табылды.

"Бірқазанның қанаты сынғандықтан, ұшып кете алмады. Мұз үсті тайғанақ болғандықтан қашып кетуге де мүмкіндік болмады. Сондықтан біз оны ұстап алдық. Тұмсығынан қорқуға тура келді" – деді бас құтқарушы Есболат Каюпов. Нәтижесінде тұмсығын қолымен жауып, Атырау орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне тапсырылды. Аталмыш жерде  оған барлық жағдай жасалады. «Көктемде қар еріп, өзен ашылғанда, Қызыл кітапқа енген құс – бірқазан құсы  табиғатқа жіберіледі»,- деп атап өтті құтқарушылар.

 

 

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы