РЖҚЖ құтқарушылары: таудағы тасымалдау

РЖҚЖ құтқарушылары: таудағы тасымалдау

26 желтоқсан күні сағат 15:15 - те ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел кезекшісіне Көкжайлаудан түсіп келе жатқан бойжеткеннің аяғын қайырып алып, оны төменге түсіру керектігі туралы хабарлама келіп түсті. 7 адамнан құрылған РЖҚЖ жедел тобы, оның ішінде кинологиялық есеп дереу оқиға орнына тауға шықты. Қызды жұмсақ зембілмен және жіптердің көмегімен төмен түсіріп,   Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды.   Анықталғандай, 2000 жылы туған қыз бір топ туристермен бірге   туристік бағыт бойынша тауға шыққан,  тік мұзды беткейде, кері жолда ол аяғын  қайырып алады. Құтқарушылар келгенге дейін  жанында құрбысы  болды.

 РЖҚЖ құтқарушылары таудағы қауіпсіздік шараларын еске салады. Есіңізде болсын, таулардағы температура әр 100 метр сайын 0,5 градусқа, кейде градусқа дейін төмендейді. Жылы, су өткізбейтін киім киіңіз, ыстық сусындар алыңыз, арнайы  тау аяқ киімін киіңіз. Болжамды  бағытыңыз жайлы  мүмкіндігінше көбірек білуге тырысыңыз. Жақындарыңызға қайда бара жатқаныңызды, қайтып келу уақытынызды  хабарлап  және жалғыз тауға бармағаныңыз абзал.

 

 

ҚР ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметі