ТЖМ басшысы: азаматтық қорғау органдарының 2021 жылғы қызметінің қорытындысы

ТЖМ басшысы: азаматтық қорғау органдарының 2021 жылғы қызметінің қорытындысы

23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің қатысуымен «Азаматтық қорғау органдарының 2021 жылғы қызметінің қорытындысы» баспасөз конференциясы өтті.

Жыл басынан бері елімізде 12 мыңнан астам төтенше жағдай тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8% - ға төмендеген.

ТЖМ күшімен 11 мыңнан астам адам құтқарылып, 12 мыңға жуық адам эвакуацияланды, 4 мыңнан астам азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Құтқарушылар төтенше жағдай орнына 76 мыңнан астам рет шықты. Авиация ТЖ алдын алу және жою желісі бойынша бір мыңнан астам ұшқан, санитарлық желі бойынша – 660, 632 науқас тасымалданды. Трассалық медициналық-құтқару пункттерімен 2 мыңнан астам зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетіліп, бір мыңнан астам адам ауруханаға жатқызылып, 748-не өзін – өзі емдеу тәртібімен медициналық көмек көрсетілді.

Ақтау қаласында бір құтқару станциясы және Алматы қаласында,Түркістан, Ақтөбе облыстарында үш өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді. Сонымен қатар әкімдіктердің қолдауымен 190 бірлік техника мен бір жарым мыңнан астам жабдық сатып алынды.

Су тасқыны қаупінің алдын алу бойынша әкімдіктермен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Жол картасын іске асыру жүргізілуде. Бұл 998 елді мекеннің 370-нен су басу қаупін азайтуға мүмкіндік берді. Биыл 49 шақырым бөгет салынды және жөнделді, 75 шақырым жағалауды бекіту, сондай-ақ өзен арналарын түзету (47 шақырым) және түбін тереңдету (46 шақырым) бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сел қаупі бар кезеңде 1 800-ге жуық қауіпті учаскелерді жерүсті және аэровизуальді тексеру жүргізілді. Қорғас, кіші және Үлкен Алматы Ақсай және Қарғалы өзендерінің бассейндерінде автоматты мониторинг жүйесінің 31 станциясы жұмыс істейді. Сейсмикалық қауіпті және жер сілкіністерін болжау қаупін төмендету мақсатында сейсмикалық қауіпті аймақтарда 63 стационарлық станция жұмыс істейді. Цифрлық технологияларды дамыту аясында Алматыда жер сілкінісін ерте хабарлайтын 9 автоматтандырылған сейсмостанция орнатылды (магнитудасы 4 балл және одан жоғары), кейіннен мобильдік қосымшада көрсетілді. Болашақта тағы 28 станция салу жоспарлануда.

Өртті және табиғи өрттерді сөндіруге уақтылы ден қою үшін, әкімдіктермен бірлесіп мамандандырылған қызметтері жоқ 440-қа жуық өрт сөндіру бекеті салынды. Онда 43 мыңға жуық адам саны бар 4 мыңнан астам ерікті құрылым, 8 мыңнан астам техника бар. Сонымен қатар әкімдіктермен қосымша екі жүзден астам өрт сөндіру бекет салу туралы меморандумға қол қойылды.

Елімізде барлығы алты жүзден астам көшкін қаупті учаске бар. Қауіпті аймаққа 5 мыңнан астам адам, екі жүзден астам объект және шамамен екі жүз шақырым жол кіреді. Жыл сайын қауіпті учаскелерді бағалауды, мониторингтеуді және бақылауды жыл бойы 62 бекет, шамамен 30 диспетчерлік бекет және 24 қар өлшеу маршруты қамтамасыз етеді.

Биыл өрт қауіпсіздігі желісі бойынша 29 мыңнан астам, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша – 1 886, азаматтық қорғаныс бойынша – 722 тексеру жүргізілді. 123 мыңнан астам өрт қауіпсіздігі, 31 мыңнан астам өнеркәсіптік қауіпсіздік, Азаматтық қорғаныс саласында 9 мыңға жуық бұзушылық анықталды. Өрт қауіпсіздігі желісі бойынша 19 мыңнан астам жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша – 1 341, азаматтық қорғаныс саласында – 136 тұлға тартылды.

Қыстың басталғалы 173 дауылды ескерту жарияланды, республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар 35 рет жабылды, автокөліктердің қозғалысына  6 рет шектеу қойылды. Қабылданған шараларға қарамастан, қыстың басынан бастап құтқарушылар 27 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарды. 74 адамды, оның ішінде  12 баланы эвакуациялады. Осы жылыту кезеңінің басынан бері 18 мыңнан астам датчик орнатылды. Соңғы үш жылда 139 мың датчик орнатылды.

ТЖМ азаматтарды қыс мезгілінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі