
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қарағанды облысы ТЖ департаменті өзінің техникалық базасын толықтырды.
Бүгін №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында жаңа өрт-құтқару техникасын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Облыстық бюджет есебінен сатып алынған төрт автокөліктің кілтін облыс әкімінің орынбасары Вадим Басин тапсырды.
"Техникалық жарақтану деңгейін арттыру – біздің өңірдің қауіпсіздігін нығайту ісіндегі өте маңызды қадам", - деп атап өтті В.Басин.
Жаңа өнімдердің арасында заманауи жанармай құюшы, АЦ-5-40 IVECO Euro Cargo ML190 екі автоцистернасы, сондай-ақ газ-түтіннен қорғау қызметінің автомобилі бар.
Жаңа автоцистерналар биік нысандардағы өрттерді сөндіру үшін жоғары қысымды автономды сорғы қондырғысымен жабдықталған. Дербес жауынгерлік бірліктер ретінде, сондай-ақ бір немесе бірнеше басқа автоцистерналармен "соруға" жұмыс істеу кезінде сорғы қондырғылары ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Катпанов жаңа техника үшін алғысын білдіріп, алынған техника құтқару бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігін арттыратынын атап өтті. "Құтқарушылар күштері алдағы уақытта да төтенше жағдайлардан болатын шығындар мен залалдың алдын алуға және оны барынша азайтуға бағытталатын болады", - деді өз сөзінде М.Катпанов.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі