
Өскеменде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша облыстық чемпионат өтті. ШҚО ТЖД спорт алаңында жеңіс үшін 60-тан астам спортшы күресті.
Жоғары нәтиже көрсету үшін жақсы дене дайындығынмен қатар төзімділік қажет. Мұндай жарыстар өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды жауынгерлік жұмысқа даярлаудың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Жарыс кезеңдеріне өрт сөндірушілер мен құтқарушылар кәсіби аттестацияларда тапсыратын нормативтерді орындау кіреді. Жарысты Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ерлан Нұрпейісов ашты. Ол чемпионаттың барлық қатысушыларын құттықтап, барлығына табыс тіледі.
"Чемпионатты өткізу құтқарушылардың кәсіби және жауынгерлік даярлығын жетілдіруге, өрт-құтқару спортын дамыту мен насихаттауға бағытталған. Қатысушылар үшін бұл чемпионат өз әлеуетін ашуға жақсы себеп болды", - деп атап өтті жарыс ұйымдастырушылары.
Өрт сөндіруші-құтқарушылар шабуыл сатысымен көтерілу және 100 метрлік кедергілер жолағынан өту бойынша жарысты. Жарысқа қатысушылардың көңіл-күйі жауынгерлік болды, өйткені чемпионат нәтижелері бойынша 2022 жылы Өскеменде өтетін қысқы республикалық чемпионатта біздің облыстың намысын қорғайтын облыстық құрама команда құрылады.
ШҚО ТЖМ баспасөз қызметі