Қарағанды облысының Абай ауданында жаңа техниканың кілті табыс етілді

Қарағанды облысының Абай ауданында жаңа техниканың кілті табыс етілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнінің 30 жылдығы қарсаңында Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» РМК бас директоры Қуаныш Бишимов филиал жұмыскерлеріне қазіргі заманғы үш машинаның кілтін салтанатты түрде табыстады.

ТГМ 40 маневрлі тепловозы мен қазіргі заманғы МТЗ 920 тракторлар өнеркәсіптік қызметті, мәселен, теміржол жолдарындағы жұмыс, аумақты күтіп ұстау және жинау, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарын қамтамасыз етуге тікелей арналған.  Облыс орталығынан қашықта орналасуына және қоғамдық көліктің болмауына байланысты Абай ауданының әртүрлі ауылдарында тұратын ауысыммен еңбек ететін жұмыскерлер ыңғайлы шағын автобуспен жеткізілетін болды.

 

«Резерв» РМК