2021 жылғы 14 желтоқсанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен әскери және қызметтік борышын үлгілі орындағаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде көрсеткен ерлігі үшін ТЖ министрлігінің 26 өрт сөндірушісі мен құтқарушысы мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Салтанатты шарада Министр Юрий Ильин Ақтөбе облысы ТЖД бастығы Марғұлан Топашұлы Аманбаевқа және СҚО ТЖД бастығы Рамиль Фатқұлұлы Камаловқа, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы Асылбек Кеңесұлы Жолмаховқа ІІ дәрежелі «Айбын» орденін табыстады.
«Ерлігі үшін» медалімен Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бас құтқарушысы Жұмағали Жеңісбекұлы Әбдірахманов қайтыс болғаннан кейін марапатталды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес вице-министр Пішембаев Мереке Құдайбергенұлы «Парасат» орденімен марапатталды.
Сонымен қатар, министр 16 өрт сөндіруші мен құтқарушыға «Ерлігі үшін» медалін табыс етті. ТЖМ 6 қызметкері Құрмет грамотасымен және 1 қызметкер «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Құтқарушылардың қызметі мен жедел әрекеттері шын мәнінде ерлік болып табылады, олар төтенше жағдайлар кезінде өз өмірін қатерге тігіп, батылдық танытып, адам өмірін құтқарады.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі