2021 жылғы 13 желтоқсанда Төтенше жағдайлар министрлігінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті.
ТЖ министрі Юрий Ильин құттықтау сөз сөйлеп, өткен жылдар ішінде елімізде төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі міндеттерді жоғары деңгейде шешуге қабілетті жедел ден қою жүйесі қалыптастырылғанын атап өтті.
Өткен жылдар ішінде елімізде төтенше жағдайлар салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі міндеттерді жоғары деңгейде шешуге қабілетті ден қоюдың жедел жүйесі қалыптасты.
Тәуелсіздік жылдары ТЖМ күштерімен (1995-2020 жылдар) төтенше жағдайлар мен өрттерді жоюға 1 млн 478 мыңнан астам шығу жасалды. Олардың қызметі, кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында 374 мыңнан астам адам құтқарылды, 334 мыңнан астам ТЖ аймағынан эвакуацияланды, 55 мыңнан астам зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.
Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін қалыптастыруға, егемендігін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Министрліктің 237 қызметкері "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды.
Сонымен қатар қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін және Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты ТЖМ және оның бөлімшелерінің 227 қызметкері ТЖМ ведомстволық наградаларымен марапатталды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті атынан короновирус пандемиясына қарсы тосқауыл бойынша еліміздің жалпы жұмысына қатысқан ТЖМ 50 қызметкері «Халық алғысы» медалін алды.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі