Тюмень және Солтүстік Қазақстан облыстарының құтқарушылары өзара іс-қимыл туралы уағдаласты

Тюмень және Солтүстік Қазақстан облыстарының құтқарушылары өзара іс-қимыл туралы уағдаласты

ҚР ТЖМ халықаралық ынтымақтастық бағдарламасы аясында 2021 жылдың 8 желтоқсанда Петропавлға Түмен облысы бойынша Ресей ТЖМ Бас басқармасының өкілдері - ішкі қызмет генерал – майоры Артур Аршалуйсович Хачятрян және бастықтың орынбасары ішкі қызмет полковнигі Андрей Саидмуродович Умаров қысқа сапармен келді.

Сапардың мақсаты-табиғи және техногендік сипаттағы трансшекаралық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылау.

Жұмыс сапары барысында ресейлік әріптестер ТЖ алдын алу және жою мәселелеріне жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Айтенович Аблалиевпен, СҚО ТЖ департаментінің басшылығы мен ұжымымен кездесті, ҚР ТЖМ аумақтық органының қызметімен және техникалық жабдықталуымен танысты.

Сапар бағдарламасына сәйкес СҚО әкімдігінде Түмен облысы бойынша Ресей ТЖМ Бас басқармасы, СҚО ТЖ департаменті және мүдделі қызметтер, облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиевтің төрағалығымен ұйым жұмыс тобының жергілікті кеңесі өтті. СҚО ТЖД, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, СҚО бойынша «Қазгидромет» РМК өкілдері тыңдалды. Тараптар өрт қауіпті кезеңнен, көктемгі су тасқыны мен қысқы кезеңнің құбылыстарынан туындаған трансшекаралық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі күнделікті қызметтегі ақпараттық өзара іс-қимылды талқылады.

Баяндама жасаған ішкі қызмет генерал – майоры Артур Хачятрян Түмен және Солтүстік Қазақстан облыстары арасындағы ТЖ алдын алу және оларды жою саласындағы бұрыннан келе жатқан сындарлы ынтымақтастықты атап өтіп, халықты және шектес аудандардың аумақтарын қорғау бойынша атқарылған жұмыстар үшін алғысын білдірді.

СҚО ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов жұмыстың осындай маңызды бағытындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтіп, кең ауқымды мәселелер бойынша одан әрі тиімді ынтымақтастыққа сенім білдірді. 

Кеңес осындай маңызды саладағы бағдарламалық құжаттарға – «Түмен облысы бойынша Ресей ТЖМ» ММ мен «СҚО ТЖД» ММ арасындағы трансшекаралық сипаттағы ТЖ алдын алу және олардың жою жөніндегі өзара іс-қимыл жоспарына және табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ алдын алу және салдарын жою саласында шараларды қамтамасыз ету және қабылдау бойынша көмек көрсету үшін Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы шекараларының оңайлатылған қиылысы туралы Меморандумға қол қоюмен аяқталды.

Ресейлік әріптестер Петропавл су торабына барып, жыл сайынғы көктемгі су тасқынының өту мәнмәтініндегі жұмысымен танысты.

Сонымен қатар Түмен қонақтары «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешеніне барып, Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасымен танысты.   

 

          СҚО ТЖД Қоғаммен байланыс тобы