
2021 жылдың басынан бастап Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «112» қызметіне 636 618 қоңырау келіп түсті, оның ішінде: негізгі қызмет бойынша – 92 365, «101» желісі бойынша – 81 102, «102» желісі бойынша – 115 435, «103» желісі бойынша – 90 913, ақпараттық-анықтамалық сипатта – 119 587, өзгелері (ұялы телефондарды тексеру, балалардың тентектігі және т. б.) – 137 216.
Қалыптасып отырған жағдайға байланысты Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан «112» Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің жұмысына түсіністікпен қарауды сұрайды. Өйткені бұл қызметтің жұмысы төтенше жағдайларға байланысты денсаулыққа, өмірге немесе қоршаған ортаға қауіп төндіретін ақпаратты уақтылы беру немесе мұқтаж адамдарға көмек көрсету болып табылады. «112» нөмірі бойынша көмекке жүгінген кезде мыналарды нақты және түсінікті етіп хабарлау қажет: 1) шақыру себебін; 2) оқиғаның нақты мекен-жайын немесе жанында тұрған ғимараттарды немесе құрылыстарды атау, жергілікті жерді сипаттау; 3) өзінің тегін, атын атау; 4) диспетчердің барлық сұрақтарына байсалды және анық жауап беру қажет. Сөйлесуді бірінші болып ажыратпаңыз, диспетчер сөйлесуді аяқтағанша күту керек. Есіңізде болсын, ол сұрайтын ақпарат өте маңызды. Шыдамдылықты жоғалтпаңыз және сіз қойылған сұрақтардың сипатын түсінбесеңіз, ашуланбаңыз, диспетчер осы уақытта жедел көмек көрсету қажеттілігін және төтенше жағдай үшін оқиға орнына әр түрлі жедел қызметтерді жіберу қажеттілігін бағалайды. Сөйлесуді аяқтағаннан кейін, егер бұл қажет болмаса, қоңырау шалған телефон нөмірімен сөйлесіп тұрып алмауға тырысыңыз. Кенеттен диспетчерге қосымша ақпарат алу немесе сізге қосымша кеңес беру үшін сізге хабарласу қажет болуы мүмкін. Оқиға орнында жағдай өзгерген жағдайда (жақсарды немесе нашарлады), «112» нөміріне қайта қоңырау шалыңыз және бұл туралы хабарлаңыз. Мүмкіндігінше құтқарушылармен кездесіп, оқиға орнына жақын жолды көрсетіңіз. Ата-аналарға ескерту: балаларға қандай жағдайларда «112» қызметіне қоңырау шалу керектігін түсіндіруді, егер бала үйде жалғыз қалса және оның өміріне қауіп төнген жағдайда «101» және «112» телефондары арқылы құтқарушыларды өз бетінше шақыруды қалай жүзеге асыру керектігін үйретуді сұраймыз. Балаңыздың өз атын, ата-анасының атын, тегін, үйінің мекен-жайын, ата-анасының жұмыс орнын атай алатындығына көз жеткізіңіз. Егер балалар қауіпті жағдайға тап болса, «112» телефонына қоңырау шалуды үйретіңіз. Сонымен бірге аталған нөмірлерге әзіл үшін қоңырау шалуға қатаң тыйым салынатынын түсіндіріңіз.
Алматы облысы ТЖД
Дағдарыс жағдайында басқару басқармасы