
2021 жылдың 30 қарашасы мен 4 желтоқсаны аралығында элеваторларда, диірмендер мен құрама жем зауыттарында өрттерді сөндірумен танысу және зерделеу мақсатында жедел-тактикалық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы «AGRIMER ASTYK» ЖШС объектісінде Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының күндізгі оқу факультетінің 4-курс курсанттарымен «Өрт тактикасы» пәні бойынша практикалық сабақтар өткізді.
Сабақ барысында курсанттар негізгі көлік және технологиялық жабдықтар жинақталған объектінің өрт-тактикалық сипаттамасымен, сүрлем корпустарымен, өрт сөндіру депосымен, өрттің даму ерекшеліктерімен, сондай-ақ, өрт сөндіруді ұйымдастыру тактикасымен танысты.
Мұндай сипаттағы өндіріс объектілері жанғыш материалдардың көп болуымен, сондай-ақ айналмалы бөліктері бар электр тартымындағы әртүрлі механизмдермен және өрттің тез таралу мүмкіндігімен сипатталады. Айтулы нысанда жеке өрт сөндіру депосы жұмыс істейді. Сонымен қатар бұл объектіде өрт автомобилі және барлық қажетті өрт сөндіру жабдықтары бар. Сабақ барысында күндізгі оқу факультетінің курсанттары өздерін қызықтырған бірнеше сұрақтар қойып, ой бөлісті.
Осындай сабақтар тыңдаушылардың тактикалық ойлауын дамытуға, өздігінен шешім қабылдауға және өртте басшылық құрам атынан әрекет етуге, өртті сөндіру үшін күштер мен құралдарды дұрыс есептеуге мүмкіндік береді.
ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы
Азаматтық қорғау академиясының
баспасөз қызметі