2021 жылғы 6 желтоқсанда Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау жүйесін дамыту мәселелері бойынша баяндама жасады.
Ведомства басшысы ТЖМ күштері төтенше жағдайдан туындайтын маусымдық және ықтимал қауіп-қатерлерге уақтылы ден қоюға тұрақты негізде шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.
2021 жылдың 9 айында құтқарушылар авариялық-құтқару жұмыстарына 65 203 рет шақыртылған. Авиация күштерімен 2 249 ұшу жүргізіліп, 9 512 адам құтқарылды және 10 728 адам эвакуацияланды, 3 278 зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Төтенше жағдайлар қызметінің кезекші пультіне 6,6 миллионнан астам хабарлама келіп түсті. Олардың әрқайсысы бойынша шаралар қабылданды.
ТЖМ трансферттері есебінен Орал және Жайық өзендерінің жағалауларын нығайту, сондай-ақ Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында Сырдария өзенінің арнасын тазарту бойынша 5 жоба іске асырылуда.
Министрліктің қарамағында 3 399 өрт сөндіру техникасы бар. Бүгінде халыққа 416 өрт сөндіру депосы қызмет көрсетеді. Жергілікті атқарушы органдардың көмегімен қосымша 473 өрт сөндіру бекеті құрылды. Одан бөлек 127 өрт сөндіру депосы мен 210 өрт сөндіру бекетін салу қажеттілігі бар.
ТЖМ қызметкерлері тұрақты түрде өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша тексерулер жүргізеді. Осылайша өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша жүргізілген тексерулер нәтижесінде 99 мыңға жуық бұзушылық анықталды. 16 мыңнан астам жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 мыңнан астам нысанның жұмысы тоқтатылды. Өңірлерде цифрландыру аясында онлайн-режимде әкімшілік хаттама жасауға мүмкіндік беретін «ӘББР» әкімшілік өндіріс жүйесі енгізілді. Сонымен қатар қауіпті өндірістік объектілерде 826 тексеру жүргізіліп, 23 мыңнан астам өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталды.
Құтқарушылар қар құрсауынан 4,5 мыңнан астам адамды құтқарды, оның ішінде 414 бала. Бір жарым мыңнан астам техника қар құсауынан шығарылды. Жылыту және тамақтану пункттерінің жұмысы ұйымдастырылды.
Жазғы кезеңде жеке тұрғын үйлерде 9 мыңға жуық және әкімдіктер мен демеушілер есебінен 129 мыңнан астам датчик орнатылды. Бұл қондырғылар 140 азаматтың өмірін аман алып қалуға мүмкіндік берді.
Еліміз бойынша 40 трассалық медициналық-құтқару пункті жол-көлік оқиғаларына 12,5 мыңнан астам рет шықты, 31 мыңнан астам зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетті.
Биылғы жылы еліміздің су айдындарында 337 адам, оның ішінде 64 бала құтқарылды. Ең қауіпті учаскелерде 59 маусымдық мобильдік құтқару бекеттері қойылды. 405 адам, оның ішінде 134 бала суға батып қайтыс болды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 5,1% - ға аз.
Жол картасы аясында 46 шақырым бөгет салынып, жөндеуден өтті, 75 шақырым жағалауды бекіту, сондай-ақ өзен арналарын түзету (26 шақырым) мен түбін тереңдету (71 шақырым) бойынша жұмыстар жүргізілді.
Жыл сайын сырғыма 400, сел қаупі бар 729 және 608 көшкін қаупі бар учаскелерге, 927 мұздақ көлдерге мониторинг жүргізіледі. 37 селден қорғау және 2 мыңға жуық көшкін құрылыстарына қызмет көрсетіледі. Селге және көшкін қаупі бар учаскелерге 1 800-ге жуық жерүсті және аэровизуальды тексеру жүргізілді.
ҚР ТЖМ қарамағына Сейсмология институты мен сейсмикалық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция өтті. Шығыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарының сейсмикалық аудандастыру картасын әзірлеу жұмысы басталды. Алматыда жер сілкінісін ерте хабарлайтын 9 автоматтандырылған сейсмостанция орнатылды (магнитудасы 4 балл және одан жоғары). Ол мобильдік қосымша арқылы көрсетіледі. Сонымен қатар тағы осындай 28 станция орнату жоспарлануда.
Азаматтық қорғау саласындағы өзара іс-қимылды күшейту мақсатында Қазақстан 35 халықаралық оның ішінде 20 екіжақты және 15 көпжақты келісімге қол қойды.
Депутаттар алдында баяндама жасаған министр, алдағы уақытта да ТЖМ қызметі төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін нығайтуға, дүлей зілзалаларға, авариялар мен апаттарға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымын басқару жүйесін дамытуға, жедел ден қою күштерін қажетті авариялық-құтқару техникасымен және жабдығымен жасақтауға, сондай-ақ осы салада мониторинг пен болжамдаудың тиімді жүйесін қамтамасыз етуге бағытталатын атап өтті.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі