ҚР ТЖ министрлігінде қысқы кезеңге әзірлік мәселесі қаралды

ҚР ТЖ министрлігінде қысқы кезеңге әзірлік мәселесі қаралды

2021 жылғы 26 қарашада Төтенше жағдайлар министрлігінде Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

Отырысқа ТЖ министрі Юрий Ильин, ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен комиетет төрағалары, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның мүшелері, бейнеконференция режимінде – облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары, ТЖ департаменттерінің бастықтары, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Отырыс барысында орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2021-2022 жылдардағы қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға дайындығы, жылыту маусымының өту барысы, азаматтық қорғау саласындағы басқару органдары мен халықтың лауазымды адамдарын оқыту және даярлау мәселелері және сервистік полиция қызметі туралы қарастырылды.

Отырыс қорытындысы бойынша қысқы кезеңде тиянақты жұмыс атқару және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қауіпсіз күтіп-ұстау, тұрғын үй инспекциясы тарапынан газбен жабдықтау саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған шараларды тиімді атқару туралы шешім қабылданды.

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі