ТЖМ қызметкерлері қысқы марафонға қатысты

ТЖМ қызметкерлері қысқы марафонға қатысты

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ағымдағы жылдың 26 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында ұзындығы 2021 км «Нұр-Сұлтан – Орал» жалпыұлттық және халықаралық жүгіру жарысы өтті, оған әуесқойлар, кәсіби жеңіл атлеттер және ТЖМ Орталық аппаратының қызметкерлері қатысты. Қатысушыларды қысқы жүгіру үшін қолайлы емес ауа райы - 19 градус қарсы алды.

Салтанатты старт сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласы мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы монументінің алдында өтті, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жүгірудің ұзақтығы 21 км құрады.

Іс – шараның негізгі мақсаты - Қазақстан тарихын еске алу және Туған жерін қорғап қалған еліміздің батырларын және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына үлес қосқан замандастарын атап өту. Жастарға хабар беру, патриотизм ерекшеліктерін қалыптастыру, сондай-ақ ел алдындағы руханият пен жауапкершілікті тәрбиелеуге ықпал ету.

Төтенше жағдайлар министрлігінен марафонға 5 қызметкер азаматтық қорғау полковнигі Е.Н. Мұхаметғалиев, азаматтық қорғау подполковниктері  А.М. Құсайынов, Р.Е. Құрманов, азаматтық қорғау майоры Д.С. Нұрмағанбетов, азаматтық қорғау капитаны Б.Е. Рахымбаев қатысып, 02:46:38 нәтиже көрсетті.

 

ҚР ТЖМ Кадр саясаты департаменті