ТЖ өкілдері Апаттар қаупін азайту жөніндегі Еуропалық форумға қатысты

ТЖ өкілдері Апаттар қаупін азайту жөніндегі Еуропалық форумға қатысты

2021 жылғы 24-26 қараша аралығында Португалияда Қазақстан Республикасының делегациясы Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков пен Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы – апаттар қаупін азайту жөніндегі Сендай негіздемелік бағдарламасының Ұлттық үйлестірушісі Рустамбек Амрин Апаттар қаупін азайту жөніндегі Еуропалық форумға қатысты.

Форумда апаттар қаупін азайту жөніндегі Сендай негіздемелік бағдарламасының басым бағыттарын іске асыру мәселелері, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мүдделерін ескере отырып, зілзала тәуекелдерін басқару әдістері, төтенше жағдайлардың алдын алудағы волонтерлік қызмет, зілзала қаупін азайту саласындағы проблемалар мен ғылыми зерттеулерді дамыту мәселелері талқыланды.

Форум қорытындысы бойынша 2021-2030 "Сендай негіздемелік бағдарламасын іске асыруды жеделдету" АҚАЕФ Жол картасы бекітіледі.

Төтенше жағдайлар вице-министрі М.М. Күлдіков апаттар қаупін азайту бойынша БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Мами Мизуторимен кездесу өткізіп, Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері, атап айтқанда ерте хабарлау жүйесін дамыту, мореналық көлдердің мониторингін цифрландыру мәселелері талқыланды.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі