
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында машина жасау өнеркәсіптік кешен саласындағы объект ашылды. Объектінің ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен «Камаз» ЖАҚ бас директоры Сергей Когогин қатысты.
Бүгінде ТЖМ иелігінде 739 бірлік Камаз автокөлік құралы бар. Өткен 3 жыл ішінде 181 бірлік техника сатып алынды. Күн сайын осы автоорталық елордалық гарнизонның 46-ға жуық бірлігіне қызмет көрсетеді.
Монтаждау орталығының ашылуы тек сату мен техникалық қызмет көрсетуді ғана емес, сонымен қатар «Камаз» маркалы заманауи жүк автомобильдерін, оның ішінде өрт-құтқару техникасын өндіруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Автоорталықтың материалдық базасы халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи құрылғылармен жабдықталған. Өндіріс қуаттылығы жылына 500 бірлікке дейін жетеді.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі