ТЖМ «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының өкілдерімен бейнеконференция байланыс режимінде жиын өтті

ТЖМ «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының  өкілдерімен бейнеконференция байланыс режимінде жиын өтті

22-24 қараша аралығында "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Союз-2.1 б" зымыран тасығышын ұшыру қарсаңында "Роскосмос"мемлекеттік корпорациясының өкілдерімен бейнеконференц байланыс режимінде жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды ұшыру кезінде авариялар туындаған жағдайдағы өзара іс-қимыл тәртібі туралы келісімді іске асыру және Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін басқару органдарының Ресей Федерациясының ғарыш саласындағы уәкілетті органымен тұрақты өзара іс-қимылы үшін өткізілді.

Кеңеске Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, «Инфракос» ШЖҚ РМК, «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы, «Тайфун» ғылыми-өндірістік бірлестігі, «Машина жасау ҮЕҰ» ӘПК АҚ, сондай-ақ аумағы үстінен «Союз-2-1б» зымыран-тасығышының ұшу траекториясы өтетін Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарының
ТЖД өкілдері қатысты.

Жұмыс кеңесі барысында зымыран тасығыштарды ұшыру, ғарыштық болжау, гидрометеорология және қоршаған орта мониторингі кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды, зымыран тасығыштарда авария болған жағдайда бірлесіп әрекет ету және құлау орындарындағы зиянды шоғырлануды айқындау мәселелері пысықталды.

Сондай-ақ қатысушылар онлайн режимде 24 қараша күні сағат 19.06-да штаттық режимде өткен «Прогресс М-УМ» жүк кемесі бар «Союз-2.1 б» зымыран-тасығышының ұшырылуына дайындықты және оның стартын қадағалады.

 

Төтенше жағдайларды жою департаменті