
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті қыста су айдындарында болған кездегі қарапайым сақтық ережелерін еске салады:
- қалыңдығы 7 см кем емес мұз жүріп өту үшін қауіпсіз болып табылады;
- мұз үстімен жүру кезінде қардың қалың қабатымен жабылған қауіпті жерлер мен учаскелерді айналып өту керек;
- су айдыны мұз үстімен өткен кезде төселген соқпақтарды пайдалану, ал олар болмаған кезде-мұздың беріктігіне көз жеткізу қажет;
- мұз үстімен өту кезінде топтармен бір-бірінің артынан 5-6 метр қашықтықта жүру керек және апатқа ұшырағандарға жедел көмек көрсетуге дайын болу қажет;
- балық аулау кезінде сіз шектеулі аймақта көптеген тесіктерді тесіп, сол жерге үлкен топтарға жинала алмайсыз.
- әрбір балықшыға мұз астына түсіп кеткен жағдайда аман қалуға көмектесетін жеке құтқару құралы (кеудеше, белбеу және т.б.) болуға кеңес беріледі.
Балық аулауға барғанда ауа-райының болжамын, желдің күші мен бағытын білу керек.
Балық аулау орнын таңдағанда келесі жағдайларды ескеру қажет:
- кішігірім жабық шұңқырларда, шығанақтарда мұз түзілуі ертерек басталып, қарқынды жүреді, сондықтан мұнда қалың әрі берік мұз болады;
- өзендерде өзен бұрылыстарындағы, жылдам ағыспен жуылатын тастардың үстіндегі, тік жағалаулардағы, тар арналардағы, бұталармен, қамыспен толып кеткен жерлерде ең әлсіз мұз болады;
- балық аулауға кеткен кезде жақындарына балықшы қай жерге баратыны және оны қашан келетіндігін ескерту керек.
Есіңізде болсын! Мұзға тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көріну кезінде шығуға жол берілмейді.
Мұзға жабдықталған өткелдерден тыс көлік құралдарымен шықпаңыз!
Балалардың мұзда ересектердің қарауынсыз болуына тыйым салынады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі