ТЖМ қызметкерлері Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық федерациясының конференциясына қатысты

ТЖМ қызметкерлері Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық федерациясының конференциясына қатысты

    

2021 жылғы 12-16 қараша аралығында Ташкент қаласында ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің Төрағасы Н.Б. Дербисов және "Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы" ҚБ атқарушы комитетінің директоры Д.Т. Данаев Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясының 22-ші халықаралық конференциясының жұмысына қатысты.

Конференция жұмысына әлемнің 25 елінің өкілдері қатысты. Аталған                 іс – шараның мақсаты-өрт-құтқару қызметтерінің халықаралық ынтымақтастығына байланысты мәселелерді қарастыру. Сондай-ақ 2022 жылы Өзбекстан Республикасында өрт-құтқару спорты бойынша Әлем чемпионатын ұйымдастыру мен өткізуді талқылау.

Конференция барысында 2021 жылғы Әлем чемпионатының негізгі төрешілерінің баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ, қатысушылар аталған спорт түрін дамыту және өскелең ұрпақты тәрбиелеу бойынша тәжірибелерімен және пікірлерімен алмасты.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі