Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі

Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі

2021 жылғы 23 қарашада Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Бекбосынов пен "Әлемгаз" ЖШС өкілі Маржан Давлетовтың қатысуымен брифинг өтті. Брифинг тақырыбы "Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі".

Н. Бекбосынов облыс аумағында орын алған өрттер және олардың алдын алу бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы хабардар етті.

2021 жылдың басынан бастап Қарағанды облысында 966 өрт тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23% - ға аз (2020 жылы 1262 өрт болды).

Өрт санының азаюына қарамастан, қаза тапқандар мен жарақаттанғандар саны артты. Жыл басынан бері өрттерде 39 адам қаза тапты, оның ішінде екі бала (2020 жылы 34 адам), 34 адам жарақат алды (2020 жылы 30 адам жарақат алды).

Өңірде жыл басынан бері күн сайын шөп пен қоқыстарды жағуды есептемегенде орта есеппен 5 өрт оқиғасы орын алады.

Өрттердің негізгі себептері:

- электр жабдықтары мен тұрмыстық электр аспаптарын монтаждау және пайдалану ережелерін бұзу – осы себепті 386 өрт оқиғасы тіркелді;

- тұрғындардың отқа абайсыз қарауы 284 өртке себеп болды;

- Пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан 157 өрт орын алды.

Н. Бекбосынов жыл сайын осы себептер бойынша өрт саны жылыту кезеңінде артатынын атап өтті.

Өрттердің ең көп саны тұрғын үй секторында болады. Жыл басынан бері тұрғын үйде 528 өрт тіркелді, бұл орын алған өрттердің жалпы санының 60% - ын құрайды. Өрт салдарынан адамдардың қаза болу жағдайларының көпшілігі тұрғын үй секторына да тиесілі - 30 адам, қаза болғандардың жалпы саны-39 адам. Тұрғын үйде жарақат алғандар саны 34 адамның 23-ін құрайды.

Өрттің алдын алу мақсатында ТЖ департаменті барлық жерде халықпен үгіт-профилактикалық жұмыс жүргізеді: үй-үйлерді аралау, кездесулер, дәрістер, нұсқаулықтар. Жадынамалар таратылуда. Тұрғындардың қалауы бойынша үйлерді  аралау кезінде біздің қызметкерлер тұрғын үйдің өртке қарсы жағдайына "тексеру" жүргізеді. Бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою жөнінде ұсынымдар беріледі.

Ағымдағы жылдың басынан 250 мыңнан астам адамды қамти отырып, 85 мыңға жуық тұрғын үй секторын аралау жүргізілді, Халықпен 760-тан астам жиын өткізілді, 263 мыңнан астам үгіт-насихат материалдары әзірленді және таратылды.

Халықпен профилактикалық іс-шаралар жылыту маусымы бойы жүргізілетін болады.

ТЖД бастығының орынбасары өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салды:

"Сөндірілмеген шылым мен сіріңкелерді қалдырмаңыз, электр сымдары мен аспаптарының жарамдылығын бақылаңыз. Бір желіге бірнеше электр аспаптарының қосылуына жол бермеңіз және қолдан жасалған электр қыздырғыш аспаптарын пайдаланбаңыз. Тек жұмыс істеп тұрған пештерді, газ және электр құралдарын ғана пайдаланыңыз, түтіндіктерді күйеден уақтылы тазартыңыз", - деп атап өтті Н.Бекбосынов.

 

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі