СҚО ТЖД қызметкерлері облыс кәсіпкерлерімен дөңгелек үстел өткізді

СҚО ТЖД қызметкерлері  облыс кәсіпкерлерімен  дөңгелек үстел өткізді

СҚО Өңірлік кәсіпкерлер палатасында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ұйымдастыруымен облыс кәсіпкерлерімен дөңгелек үстел өтті. Брифинг Палата директорының орынбасары Жеңіс Қазиев пен СҚО ТЖ Департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Урал Әбдірахмановтың төрағалығымен өтті. Аталған іс – шараның күн тәртібі қазақстандық қоғамның ТЖ мен өрттердің алдын алу, осы маңызды мәселедегі кәсіпкерлік субъектілерінің рөлі туралы өзекті сұраныстарына сәйкес келді.

         Урал Әбдірахманов қатысушыларға бақылаудағы объектілерде қалыптасқан өрт жағдайы туралы ақпаратты жеткізді, ҚР ТЖМ олардың алдын алу бойынша қабылдаған шаралары туралы баяндады. Ол дөңгелек үстелге қатысушылардың назарын өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау кәсіпкерлік субъектісі өндіретін және өткізетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздігін, олардың заңды мүдделерін қорғауды, қоршаған орта үшін қауіпсіздікті, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу нысандарының бірі болып табылатындығына аударды.

         Сондай-ақ, газ саласындағы проблемалық мәселелер туралы СҚО ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Сәкен Ағзамов баяндама жасады. Ол газ құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан болатын өрттердің қауіптілігін түсіндірді.

         Дөңгелек үстел барысында бизнес-қауымдастық өкілдеріне осы объектілерде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау бойынша тиісті ұсынымдар берілді. Іс-шараға қатысқан СҚО бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің басшысы Артур Молдағұлов пен «Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ басшысы Аслан Ілиясов, сондай-ақ оның қатысушылары on-line режимінде ТЖ мен өрттің алдын алу үшін қабылданған шараларды және айтылған проблемалық мәселелерді шешу жолдарын талқылады.

         Қорытындылай келе, Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары және ТЖ Департаменті бастығының орынбасары осындай маңызды іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, төтенше жағдайлар министрлігі мен СҚО ТЖ Департаменті аумақтық орган ретінде өз өкілеттіктері шеңберінде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызмет объектілеріндегі өрт пен ТЖ қаупін азайту үшін барлық шараларды қабылдайтынын атап өтті .

 

 

         СҚО ТЖД