Ақмола облысында газ баллоны жарылды

Ақмола облысында газ баллоны жарылды

2021 жылғы 16 қарашада Ақмола облысының Шортанды кенті Линейная көшесінде газ баллоны жарылды. 


Сағат 21:38-де Шортанды кентінің №18 байланыс пунктіне полиция бөлімінің кезекшісінен газ баллонның жарылғандығы туралы хабарлама келіп түсті.


Өртті сөндіруге ТЖД 35 қызметкері мен 7 техникасы, «Жер Ана» ЖШС МЕӨҚҚ-ның 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.


Барақ үлгісіндегі пәтерде өрт шығып, шатырын толықтай жалын шарпыған. Өрттің аумағы шамамен 350 шаршы метрді құрады.


Өрт сағат 22-35-те ауыздықталып, сағат 23:55-те толық сөндірілді.
Оқиға орнынан 3 адамның мәйіті табылды. Тағы он адам түрлі дене жарақаттармен аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.


Оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін Ақмола о,лыстық тергеу-жедел тобы және зерттеу-өрт зертханасы жұмыс істеуде.


Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға тұрмыстық газ баллонын қолдануда өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады!

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі