Елімізде «Қыс-2021» РКШОЖ өткізілуде

Елімізде «Қыс-2021» РКШОЖ өткізілуде

2021 жылы 11-12 қараша аралығында елімізде «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбында «Қыс 2021» республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығу өткізіледі.

Оқу-жаттығу қыс кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың дайындық деңгейі мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрамаларының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға әзірлігін тексеру мақсатында өткізіледі.

Оқу-жаттығудың басшылық штабы Шығыс Қазақстан облысы ТЖД-да орналасады (Өскемен қаласы, ТЖД Дағдарыс орталығы).

«Қыс-2021» оқу-жаттығуы аясында республика бойынша ТЖ-ны жою бойынша іс-әрекеттерді пысықтауға арнайы-тактикалық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құрамалармен практикалық әрекеттер өткізіледі.

Оқу-жаттығуы аясында елміздің өңірлерінде электр дабылдар қосуымен құлақтандыру жүйесіне техникалық тескеріс жүргізіледі. Осы іс-шара халыққа «Баршаның назарына!» құлақтандыру бірыңғай дабылына әрекет ету тәртібін үйрету мақсатында өткізіледі.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі