Бұқар-Жыру ауданында өрт сөндіру бекеті ашылды

Бұқар-Жыру ауданында өрт сөндіру бекеті ашылды

9 қараша күні Бұқар-Жырау ауданының Тоғызқұдық ауылында әкімдік жанынан өрт сөндіру бекеті ашылды. Бекеттің негізгі көлігі "Ермак" құрылғысымен жабдықталған тіркемелі Нива автокөлігі. Ол өрт сөндіруге арналған негізгі өрт-техникалық қару-жарақпен қамтылған, қосымша 1 өрт сөндіру мотопомпасы бар.

Өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері өрт сөндіруге арналған жауынгерлік киімдерімен  және құралдарымен жарақтандырылған.

Өрт сөндіру бекеті Тоғызқұдық және Тасшоқы ауылдарында болған өрттер мен дала өрттері кезінде шұғыл іс-әрекет етуге, қауіпсіздікті қорғауын жоғарылатады, өрттерді дер кезінде жоюға және өрттен келген шығындарды азайтуға көмектеседі.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі