
2021 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы азаматтық қоғам өкілдерімен кездесуі өткізіледі.
Осыған байланысты, үкіметтік емес сала өкілдерін аталған шараға қатысуға шақырамыз және 2021 жылғы 10 қарашаға дейін кездесуге қатысатынын растауды және талқыланатын тақырыпқа орай ұсыныс-сауалдарын uakishev.aa@emer.kz электрондық мекен-жайына жолдауды сұраймыз.
Анықтамалар мына телефондар бойынша: 60-21-09, 87471966920.
Кездесудің өткізілу уақыты мен сілтемесі қосымша хабарланады.