ТЖ министрлігінде БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы атқарушы хатшысының орынбасарымен кездесу өтті

ТЖ министрлігінде  БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы атқарушы хатшысының орынбасарымен кездесу өтті

2021 жылғы 3 қарашада төтенше жағдайлар вице-министрі М.Пішембаев БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы атқарушы хатшысының орынбасары Дмитрий Марьясинмен кездесті.

Кездесу барысында вице-министр өткен жылдары іске асырылған бағдарламалардың ағымдағы жай-күйі мен нәтижелерін ұсынды. Ол бірлескен жұмысқа қанағаттанушылық білдіріп, өткен жылдары Қазақстан өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсері туралы ынтымақтастық Конвенцияның және көмек бағдарламасы шеңберінде БҰҰ ЕЭК-пен тиімді ынтымақтасқанын атап өтті.

Дмитрий Марьясин, Қазақстан Конвенция тарапы болып табылатын Орталық Азиядағы жалғыз ел екенін атап өтті және Министрліктің өнеркәсіптік авариялардың алдын алу және оларға ден қою мәселесіндегі жұмысын жоғары бағалады.

Тараптар Конвенция шеңберінде іске асырылып жатқан жобалардың барысы мен перспективаларын, екіжақты ынтымақтастықтың және ұйымның елде жүзеге асырып жатқан жобалау қызметінің өзекті мәселелерін талқылады.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті