2021 жылдың 2 қарашасында Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының оқуда, қоғамдық жұмыста ерекше көзге түскен қызметкерлер мен курсанттар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.
Мұражайға саяхат алдымен Елбасы туралы бейнероликті көруден басталды. Мұражайда 7 көрме залы бар. Мұражай экспозициялары Қазақстанның қалыптасуының маңызды кезеңдері, Елбасының өмірі мен қызметі туралы баяндайды. Мұнда барлық дерлік ақпарат заманауи және бірегей үлгіде - 3D форматында ұсынылады. Сондай-ақ курсанттар шығыс шетел университеттері сыйлаған қылыштар мен қанжарлардан тұратын қару-жарақ галереясының залында болды.
Сондай-ақ курсанттар чемпиондарымыздың спорттық атрибуттарымен, халық музыкалық аспаптарымен танысты.
Экскурсия соңында болашақ құтқарушылар мұражайдың электронды кітабына өз тілектерін қалдырды.
ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы
Азаматтық қорғау академиясының
баспасөз қызметі