Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және Тұңғыш Президент күнін мерекелеу қарсаңында ағымдағы жылдың 2-12 қараша аралығында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына орталық аппарат қызметкерлері үшін экскурсия ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты Мемлекет басшысының қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы және қазақстандық қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі ауқымды тарихи рөлін кеңінен түсіндіру, қазақ халқының мәдени мұрасымен және заманауи өнерімен, еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерімен таныстыру және жастарға патриоттық және идеологиялық тәрбие беру.
Бұл экскурсия Мемлекет басшысының саяси тәжірибесін, оның еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жасампаз идеялары мен бастамаларын зерделеуге, Тәуелсіз Қазақстанның тарихымен, қазақ халқының мәдени мұрасымен танысуға, еліміздің заманауи өнер әлеміне енуге мүмкіндік береді.
ТЖМ кадр саясаты департаменті