
2021 жылғы 4 қараша күні, түнгі сағат 03:30-да Алматы облысы ТЖД пультіне Кеген ауданының Тұйық ауылында жедел медициналық жәрдем автокөлігі қар құрсауында қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Шақырту орнына дереу Кеген ауылынан Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жіберілді.
Оқиға орнына келген бойда, қар жауып, ауа райы бұзылуы салдарынан медициналық жедел жәрдем автокөлігі қар құрсауында қалып, өздігінен шыға алмағаны анықталды. Көлік ішінде бір жасар бала мен оның анасы болған. ТЖД қызметкерлері "Ангина" жұқпалы ауруы бар баланы және оның анасын Кеген ауданының ауруханасына эвакуациялады. Баланың жағдайы тұрақты, қазіргі уақытта бала ауруханаға жатқызылды.
Естеріңізге сала кетейік, "Қазгидромет" РМК-ның 2021 жылғы 2 қарашадағы ауа райы болжамы негізінде Алматы облысында 3-4 қараша күндері ауа райының нашарлауы және қар түсетіні туралы ескерту жарияланды.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін Сіз «Darmеn» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі