
Құтқарушылар қысқа қалай дайындалып жатқаны туралы Шығыс Қазақстан облысы ТЖ департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Дмитрий Титов айтып берді.
Көп жылдық тәжірибеге сүйене отырып, Шығыс Қазақстанда ұзындығы 816 шақырым болатын 386 қар басатын учаске күшейтілген бақылауға алынады. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 19 жылыту пункті мен жол бойындағы бизнестің 33 объектісінің жұмысы ұйымдастырылды. Тәулік бойы 4 трассалық медициналық-құтқару пункті жұмыс істейді.
"Жеке құрамнан 3 123 адам, 406 бірлік қар тазалайтын техника, 214 бірлік инженерлік техника, 96 бірлік эвакуациялық техника,153 бірлік өтімділігі жоғары техника, соның ішінде жол талғамайтын көліктер, вахталық автомобильдер, инженерлік техника дайындыққа келтірілді. Жыл сайынғы тәжірибені ескере отырып, бұл техника "Өскемен - Алтай-Үлкен Нарын - Катонқарағай – Рахман қайнарлары", "Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы", "Өскемен-Семей" облыстық маңызы бар жолдарда: "Өскемен-Тарғын-Самар", "Теректі-Урунхайка-Тоскайын",-деп хабарлады Дмитрий Титов.
Облыс аумағында 497 көшкін жинағыш құрылғы бар. "Қазселденқорғау" ММ ШҚ филиалы қар көшкіні қауіпті кезеңге уақтылы дайындалу мақсатында облыстың қызмет көрсетілетін аудандары бойынша 20 қар өлшеу-көшкін бағдарын әзірледі, онда 197 қар өлшеу рейкасы орнатылды. Қар көшкіні қаупі бар кезең ішінде бақылаушылар апта сайын көшкін қаупі бар учаскелерге жер үстінде тексеру жүргізеді және қажет болған жағдайда қар массасын түсіруді жүзеге асырады.
"Суық ауа райы басталған кезде азаматтармен жүріп-тұру жолында болатын жазатайым оқиғалар жиілеп кетеді. Ауа райы жағдайының нашарлауын болжау кезінде біз тұрғындарға "Дәрмен"мобильдік қосымшасында SMS-тарату, теле-, радиохабар, БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы дауылды ескертулерді жеткіземіз. Дауылды ескертулер жарияланған кезде алыс қашықтықтарға барудан бас тартуды ұсынамыз. Жүргізушілер жолдардың жағдайы туралы ақпаратты қадағалап отыруы керек", - деп түсіндірді Дмитрий Титов.
Сонымен қатар, жылыту маусымы басталғаннан бері облыста тұрғын үй секторында 65 өрт тіркеліп, салдарынан 1 адам қайтыс болды. Улы газдың салдарынан 4 адам, оның ішінде 3 бала жарақат алды.
Өрттің алдын алу мақсатында ТЖ департаменті ағымдағы жылы 58 мың адамды қамти отырып, 331 мыңнан астам тұрғын үй секторын аралап, халыққа 424 жиын өткізді. Бұл жұмыс жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен жүргізіледі. Бұдан басқа, ШҚО ТЖД мамандары қауіп-қатер тобындағы (белгілі тұрғылықты жері жоқ, бейәлеуметтік өмір салтын жүргізетін адамдар) тұрмысы нашар отбасылардың тұратын жерлері бойынша 535 рейд өткізді.
Жақын арада ШҚО ТЖД мен "Қазмырыш" ЖШС арасында жасалған меморандум аясында 19 қала мен облыс аудандарына таратылатын 1500 данадан астам улы газ датчик орнату жоспарланған.
Алайда, тұрғындар мұржаларды уақтылы тазалау, жарықтарды жою қажеттілігіне тағы да назар аударуы керек және тесігі жоқ жапқыштарды пайдаланбау.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі