
2021 жылдың 21-24 қазан аралығында Будапешт қаласында (Венгрия) кәсіпқойлар арасында кір тасын көтеру спортынан Әлем Кубогының кезеңі өтті. Оған кір тасын көтеру спортынан ұлттық құрама құрамында Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкері - Қарағанды қаласының №11 өрт сөндіру бөлімінің инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Александр Комаров қатысты.
Осы жарыста Александр биылғы жылдың желтоқсан айында Латвия астанасы Рига қаласында өтетін кір тасын көтеру спортынан Әлем Кубогының финалына шығу үшін алтын медальді жеңіп алды.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың сәуір айында Ташкент қаласында (Өзбекстан) Александр Комаров кір тасын көтеру спорты бойынша МСГС Азия ойындарының чемпионы атанды, сондай-ақ Азия чемпионатының тұғырының екінші сатысына көтерілді.
Комаров Александр кір тасын көтеру спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, студенттер арасында әлем чемпионы, кәсіпқойлар арасында Әлем Чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, Еуропа чемпионы, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы болып табылады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі