
2021 жылдың 29 қазанында 03 сағат 45 минутта Павлодар облысы бойынша ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ филиалының фельдшер-диспетчеріне Павлодар облыстық балалар ауруханасы ғимаратындағы өрт туралы шақыру түсті.
Төтенше жағдай орнына филиалдың шұғыл медициналық көмек көрсету бригадасы шықты.
Келген кезде зардап шеккендерді алғашқы сұрыптау жүргізілді. Аурухананың түтінделген үй-жайынан 202 адам шығарылды, оның ішінде: 112 бала, 76 ересек адам және 14 аурухана қызметкері. АМО дәрігерлері 17 зардап шеккен адамға, оның ішінде 9 балаға және 2 жүкті әйелге медициналық көмек көрсетті. Барлық зардап шеккендерге сатурацияның бақылауымен оттегі берілді, көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккендер қауіпсіз жерге - аурухананың көрші корпусына ауыстырылды. Жүкті әйелдер тексеруден кейін облыстық перинаталдық орталыққа тасымалдау үшін жедел-жәрдем бригадасына тапсырылды.
Осылайша, АМО филиалы бригадасының жедел-жәрдем бригадаларымен үйлесімді өзара іс-қимылының, сондай-ақ шұғыл медициналық көмекті дұрыс ұйымдастырудың арқасында аса ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік туды.
ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ
Павлодар облысы бойынша филиалы