Анонс

Анонс

2021 жылғы 27-28 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі полковник  М. Күлдіковтың басшылығымен  «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде зымыран-тасығыштардың аварияларымен байланысты төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін басқару органдарының, күштері мен құралдарының әзірлігі» тақырыбында  «Зымыран-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.

Оқу-жаттығуды үйлестіру және оған басшылық ету жөніндегі штаб Қарағанды облысы ТЖД Жезқазған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасында орналастырылады.

Оқу-жаттығу Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды ұшыру кезінде авариялар туындаған жағдайда өзара іс-қимыл тәртібі туралы келісімге сәйкес және азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды даярлау және жетілдіру мақсатында өткізіледі.

 «Зымыран-2021» шеңберінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде зымыран-тасығыштардың аварияларына байланысты туындаған ТЖ жою кезіндегі міндеттерді орындауға жалпы әзірлікті тексеру жоспарланған.

 

Аккредиттеу және ақпарат

алу мәселелері бойынша

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметіне

мына байланыс телефондарына

558887, 87013896265 хабарласуға болады