ТЖМ ардагерлері 5-ші кезектен тыс Конференция өткізді

ТЖМ ардагерлері 5-ші кезектен тыс Конференция өткізді

2021 жылғы 26 қазанда бейнеконференция режимінде Қазақстандық Төтенше жағдайлар органдары ардагерлері ұйымының 5-ші кезектен тыс Конференциясы өтті. Конференцияға Орталық ардагерлер Кеңесінің Төралқасы; облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының ардагерлер ұйымы филиалдарының және ТЖМ бөлімшелерінің бастапқы ардагерлер ұйымдарының төрағалары қатысты. Ардагерлер ұйымының ағымдағы жылдың 10 айындағы жұмысы туралы қоғамдық бірлестік төрағасының орынбасары Ю. А. Сохин сөз сөйледі.

Жамбыл облысы қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы Б. А. Бейсембаев Конференцияға қатысушыларға “ 2021 жылғы 26 тамызда әскери бөлімде өрт (жарылыс) кезінде қаза тапқан және зардап шеккен өрт сөндіруші - құтқарушыларға көмек қорының қаражатын бөлу “ туралы ақпаратты жеткізді. 

Ардагер Е. Н.Шевелева Павлодар облысы филиалының жұмыс тәжірибесі жайлы бұқаралық ақпарат құралдарымен бөлісті.

Конференцияда ардагерлер ұйымы құрылтайшыларының құрамы бірауыздан жаңартылып, Тексеру комиссиясы сайланды.

Тексеру комиссиясының негізгі міндеті ақшалай қаражат пен материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ оларды жұмсаудың заңдылығы мен орындылығын қамтамасыз ететін ардагерлер ұйымына қаржылық-есептік жұмысты дұрыс қоюға  тәжірибелік көмек көрсету болып табылады. 

 

Төтенше жағдайлар органдарының ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы