Дала өрті кезінде қайтыс болған ауыл тұрғыны «Өртте көрсетілген қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды

Дала өрті кезінде қайтыс болған ауыл тұрғыны «Өртте көрсетілген қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 11 қазандағы бұйрығымен дала өртін сөндіру кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Самат Апашев қайтыс болғаннан кейін «Өртте көрсетілген қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды. Марапатты Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығының орынбасары Ақылбек Ахметжанов марқұмның анасына табыс етіп, өз елінің нағыз патриотын тәрбиелегені үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар осы бұйрықпен Жандос Аққалықов  «Өртте көрсетілген қайсарлығы үшін» медалімен, Мереке Кенжебеков «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» наградалық төс белгісі табысталды.

Естеріңізге сала кетейік, Қарқаралы ауданы Көлбасы ауылының тұрғыны Самат Апашев ауыл маңында болған дала өртін сөндіру кезінде қаза тапқан болатын. Өрт 17 қыркүйекте орын алған. Дала өрті үш ауылдық округтің аумағын қамтыды. Өрттің жалпы аумағы 300 гектарды құрады. Өртті сөндіруге ТЖ департаментінің бөлімшелері, өртке қарсы ерікті құралымдар мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Жалпы күш-жігермен өрт 18 қыркүйекке қараған түні жойылды. Көлбасы және Егіндібұлақ ауылдарының үш тұрғыны, басқа ауыл тұрғындары сияқты өртті сөндіруге шыққан. Желдің қатты екпіні салдарынан өрт Самат Апашевқа тиеді. Оның денесінің 90% күйіп кетеді. Ауылдастарын құтқаруға тырысқан Мерке Кенжебеков пен Жандос Аққалықовтың да денесін күйік алған. Зардап шеккендердің үшеуі де ауруханаға жеткізіледі. Кейін Самат Қапашев алған жарақаттарынан қайтыс болып, Мереке мен Жандос оңалту орталығында ем алуда.

 

                                                       Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі