
2021 жылы 23 қазанда сағат 13.30-да Нұр-Сұлтан қаласының «Алау» мұз айдынында (Қабанбай батыр даңғылы, 47) шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кубогының алғашқы турнирі өтеді. Шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылады.
Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, елордалық ТЖ департаменті гарнизонының басшылығы мен жеке құрамы, жарысқа қатысушылар қатысады.
Турнирде Нұр-Сұлтан қаласы, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстары ТЖ департаменттерінің, сондай-ақ ҚР ІІМ Солтүстік Қазақстан облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының командалары хоккей кубогы үшін жарысатын болады.
Аккредиттеу мәселелері бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметінің байланыс телефондары +7-701-514-07-06 Аягоз, эл.пошта: pressa.dchs.astana@mail.ru