Құтқарушы күнін мерекелеу қарсаңында 2021 жылдың 14 қазанында Өрт-құтқару және дене шынықтыру дайындығы кафедрасы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің кубогына 1-4 курс курсанттары арасында жауынгерлік қанат жаю бойынша жарыстар өткізді.
Қатысушылар өрт-құтқару дайындығы бойынша қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес күштер мен құралдарды гидрантқа орната отырып, өрістетудің №37 нормативін орындады. Жарысқа 5 курсанттан құралған 6 команда қатысты. Бас төреші ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары М.Хасенов болды. Күштер мен құралдарды өрістету – бұл өрттерді сөндіру жөніндегі іс-қимылдарды жүргізудің негізгі тәсілдерінің бірі. Курсанттар оқу барысында алған практикалық дағдыларының жақсы деңгейде көрсетуге тырысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Комитет кубогын 3-курстың 2-командасы алды. Олар: Өсер Ерсағын, Әлімханов Аркен, Амангелді Ұлан, Қуанышбай Рақымжан, Мұратжанұлы Алмат. 2-орын 4-курс курсанттарына бұйырды. 2-курстың командасы 3-орынға ие болды. Жеңімпаздарға кубоктар мен грамоталар табыс етілді.
ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы
Азаматтық қорғау академиясының
баспасөз қызметі