2021 жылғы 19 қазанда Құтқарушы күнін мерекелеуге орай Достар мәдениет үйінің концерт залында Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының жеке құрамының салтанатты жиналысы өтті. Оқу орны бастығы полковник Сырым Шәріпханов ардагерлер, қызметкерлер мен курсанттарды кәсіби мерекемен құттықтады.
Іс-шара Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза болған өрт сөндірушілерді бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.
Сырым Шәріпханов өзінің құттықтау сөзінде жоғары сапалы кадрларды дайындаудың маңыздылығына тоқталып, Академияның жетістіктерін атап өтті. «Біздің болашақ құтқарушыларға үйрететініміз - антқа адал болу және қызметін мүлтіксіз орындау. Құрметті курсанттар, сіздер құрмет, батылдық пен кәсіпқойлық өмірдегі және қызметтегі нұсқауларыңыз екенін ұмытпауларыңыз керек », - деді Академия басшысы. Ол ардагерлерге ерекше ризашылығын білдіріп, олардың құтқарушылар даярлайтын жалғыз жоғары оқу орнының қалыптасуы мен дамуына сіңірген еңбегін атап өтті.
Сонымен қатар, бұл күні бірқатар қызметкерлерге медальдар, Академия бастығының алғыс хаттары, курсанттарға «кіші сержант» шені табысталды.
Құтқарушы күніне орайластырылған «ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының үздік оқу басылымы», «Азаматтық қорғау академиясының үздік оқытушысы» сияқты жарыстардың жеңімпаздары марапатталды.
Мәртебелі де қауіпті кәсіп иелерінің мерекесі Академия курсанттары мен Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.
Қазақстан Республикасы ТЖМ
Мәлік Ғабдуллин атындағы
Азаматтық қорғау академиясының
баспасөз қызметі