
Қазақстан Республикасы ТЖМ «Қазавиақұтқару» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаевтың төрағалығымен «ТЖМ қызметкерлерінің қазіргі жағдайдағы психологиялық дайындығының рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда кәсіби психологиялық дайындық орталығының басшысы Гүлжиян Ахметова ұшқыш-құтқарушыларды даярлау үшін Қазақстанда алғаш рет пайдаланылатын жабдықтарды көрсетті.
Дөңгелек үстелге Қазақстанның авиациялық билік орындары, жетекші авиакомпаниялар Air Astana, Scat, Qazaq air, сондай-ақ авиация мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің, Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының өкілдері қатысты.
Төтенше жағдайлар министрінің бастамасы бойынша «Қазавиақұтқару» АҚ базасында «Кәсіби психологиялық дайындық орталығы» пилоттық жобасы құрылды.
Кәсіби-психологиялық дайындық орталығы құтқарушылар, ұшқыштар және инженерлік-авиациялық құрам үшін психологиялық денсаулықты және қызметтің жоғары өнімділігін қолдау үшін құрылды. Орталық ағзаның нейрокогнитивтік және нейромоторлық функцияларын жаттықтыруға, психоэмоционалдық жағдайды оңтайландыру үшін заманауи қолданбалы психотехнологияларды біріктіруге, тұлғалық өсудің білім беру бағдарламаларына арналған платформа болып табылады.
Дөңгелек үстел шеңберінде қатысушыларға құтқарушы-ұшқыштардың дайындық деңгейі көрсетілді. Сондай-ақ жеке қауіпсіздік деңгейі ретінде даярлау алгоритмі және авиаторлардың қауырт қызметінің ықтимал эмоциялық бұзылуынан алдын алу көрсетілді. Бұдан әрі құрал-жабдықтармен, сондай-ақ ұшқыш-құтқарушылармен жұмыс істеуге арналған кәсіби психологиялық дайындық орталығының қызметімен танысты.
Көз, ми және дене байланысын жаттықтыруға арналған senaptec strobe көзілдірігі. Сұйық кристалды қақпаларды қолдана отырып, линзалар мөлдірлікті өзгертеді. Визуалды ақпарат көлемін азайтады және құтқарушыны оны тиімдірек өңдеуге мәжбүр етеді. Бұл болашақта ұшқыштар орындайтын жұмысқа оң әсер етеді. Сондай-ақ ұшқыштармен жаттығуларда қолданылатын израильдік Blazepod жабдықтары реакция жылдамдығын, перифериялық көру қабілетін, ойлау жылдамдығын, бейстандартты жағдайларда төзімділік пен психологиялық тұрақтылықты дамытуға көмектеседі. Көзілдірігі бар купеде ұшқыштар алға қойылған міндеттерді орындаудың жоғары концентрациясының, есте сақтау қабілеті мен ойлау жылдамдығының үш есе әсерін алады.
«Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметі