Олардың ерлігін ұмытпаймыз...

Олардың ерлігін ұмытпаймыз...

Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күні кәсіби мерекесі қарсаңында 2021 жылғы 25 ақпанда қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан бөлімше командирі Машрап Арыстанбек Дулатұлына Ақсу қаласындағы № 12 өрт сөндіру бекетінің ғимаратында мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы өтті.

Павлодар облысының «ТЖ органдары ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігі өрт сөндіруші-құтқарушыны мәңгі есте сақтауға бастамашы болды. Іс-шараға Ақсу қаласы әкімдігінің, Төтенше ведомствоның басшылығы, Арыстанбек Дулатұлының ата-анасы мен жақын туыстары, азаматтық қорғау ардагерлері, Ақсу қаласының өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы қатысты.

Митинг қатысушыларына ТЖ департаментінің бастығы генерал-майор Ж. К. Жұмашев сөз сөйледі.. «Өрт сөндіруші мамандығы бұл өз антына адал, қауіп-қатерге қарамастан, өзінің қызметтік борышын соңына дейін орындайтын нағыз ержүрек жастарға арналған», - деп атап өтті Жасұлан Қыдырғожаұлы. Осындай батырлардың бірі кіші сержант, бөлімше командирі Машрап Арыстанбек болды. «Мен алғысымды білдіремін және халқымыздың лайықты ұлын өсірген ата-анасының алдында басымды иемін». Ақсу қаласының әкімі Шұғаев Жанат Рашитұлы қала мен ауыл тұрғындарының атынан Машрап Арыстанбектің отбасына көңіл айтты. Ақсу гарнизонының төтенше жағдайға тап болған тұрғындарға кез келген уақытта көмекке келуге дайын барлық жеке құрамына зор ризашылығы мен алғысын білдірді.

Митингте ардагерлер кеңесінің төрайымы К. Х. Асқарова, ардагерлер ұйымының атынан Ж. Сағынов Д. А. Иманқұлов және А. Т. Алдажаров қаза тапқан қызметкердің жұбайына ұлына сыйлықтар, ал 2-МӨСБ бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Кеңес Жұмабай жеке құрамның атынан отбасына материалдық көмек көрсетті.

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Арыстанбектің ата-анасы «Қайғылы оқиғадан кейінгі айларда біз барлық өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы мен қала тұрғындарының қолдауын сезінетінімізді және бұл үшін сіздерге шексіз алғысымызды білдіреміз» деп атап өтті.

Мемориалдық тақтаны ашу құқығы 5-ӨСБ қызметкерлері Асхат Коленов пен Мурат Баймановқа берілді.

Іс-шараға қатысушылар гүл шоқтарын қойды. Іс-шараның екінші бөлімінде футзалдан қаза тапқан қызметкерді еске алуға арналған турнир өтті. Жарысқа он екі команда, соның ішінде ардагерлер командасы қатысты.

 

К. Х. Асқарова – Павлодар облысы ТЖД Ардагерлер кеңесінің төрайымы