Балалар құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады

Балалар құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады

Қарағандыда өрт сөндірушілер мен құтқарушылар өздерінің кәсіби мерекесі Құтқарушылар күні қарсаңында «Думан» балабақшасына барды.

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар толық жауынгерлік киім-кешекте балаларға өз мамандықтары туралы айтуға келді. Ұлдар мен қыздар қонақтарды мұқият тыңдап, қауіпсіздік туралы сұрақтарға жауап берді және өздері де көптеген сұрақтар қойды.  

Балаларға құтқару жабдықтарын ұстап көруге және құтқару киімдерін өлшеуге рұқсат етілді. Ең батылдары тіпті сүңгуір жабдықтарын сынап көрді. Балаларға алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары да қызықты болды. Арнайы манекенде балалар жүрек соғуын және жанама массаж жасауды үйренді.

Арнайы қонақтар үшін балалар өздерінің құттықтау сөздерін дайындап, жауынгерлерге өз суреттерін сыйлады.

Нағыз өрт сөндірушілер мен құтқарушылармен танысқаннан кейін, көптеген ұлдар болашақта құтқарушылардың асыл кәсібінің қатарын толықтыруға ниет білдірді.

 

Қарағанды облысы ТЖД Баспасөз қызметі