
Мемлекет басшысы құтқаршыларды кәсіби мерекемен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында орналастырған құттықтау сөзінде «Құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Табиғи және техногендік апаттар дәуірінде сіздердің еңбектеріңіздің мемлекеттік маңызы арта түседі. Биыл ТЖМ қызметкерлері 9,5 мың адамды құтқарды. Мемлекет ерен еңбектеріңізді бағалайды. Сіздерге зор денсаулық, мол табыс тілеймін!», - деп жазды.
2021 жылғы 19 қазанда азаматтық қорғау органдарына 26 жыл толды.
Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өз әріптестерін Құтқарушы күнімен құттықтады. «Жыл сайын елімізде құтқарушылар өртке және жануға, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 60 мыңнан астам шығу жасайды. Бұл ретте ведомстваның қызметкерлері жыл сайын 10 мыңнан астам адамды құтқарады. Құтқарушылар күн санап ерлік пен батылдық көрсете отырып, өз ісіне деген адалдықты көрсетеді. Сіздердің кәсіпқойлық, шапшаңдық, батылдық қасиеттеріңіз алдағы уақытта да төтенше жағдайлар кезінде халықты қорғауға жəне құтқаруға қызмет етсін», - деп өз құттықтау сөзінде атап өтті.
Азаматтық қорғау органдарында 30 000 жуық маман қызмет атқаруда.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында ТЖМ құтқару қызметтері (1995-2021 жылдар аралығында) төтенше жағдайлар мен өрттерді жоюға 1 466 883 рет шықты. Олардың кәсіби қызметі мен жеделдігінің арқасында 389 017 адам құтқарылды, ТЖ әртүрлі аймақтарынан 353 973 адам эвакуацияланды, 61 362 зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде 64 қызметкер қайтыс болды.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі