
Биыл өзінің 30 жылдығын ҚР Тәуелсіздігінің құрдасы – Мәртөк ауданының ТЖ бөлімінің бастығы Тарас Васильевич Коваленко атап өтуде.
Тарас Васильевич Мәртөк ауданының тумасы, №1 орта мектепті бітірген, үйленген, бір қызы бар. Оның мамандығы қастерлі де мәртебесі биік мамандықтардың бірі, өйткені ол адам өмірін құтқарумен байланысты.
Тарас Васильевич «Мен әрқашан адамдарға көмек көрсетумен, оларды құтқарумен айналысатын салада жұмыс істегім келді. Сондықтан ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтына оқуға түсуді шештім (бүгінде бұл Мәлік Ғабдулин атындағы азаматтық қорғау академиясы) бөлу бойынша Мәскеу қ. Ресей ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясына түстім. Бұл менің саналы таңдауым болды, мен оған еш өкінбеймін», деп өз ойын жеткізді.
Тарас атап өткендей, сіз өзіңіздің мүмкіндіктеріңізді нақты бағалау қажет болатындығын түсінуіңіз керек. Бір сәтте қиын жағдайға тап болған адамды құтқару үшін өз өміріңізді қатерге тігу қажет болады. Төтенше шешім қабылдау, өйткені өрт сөндіруші мамандығы - әлемдегі ең күрделі мамандықтардың бірі. Нағыз өрт сөндіруші шаршаудың не екенін, «мүмкін емес» деген сөздерді білмейді. Тәуліктің кез-келген уақытында, кез-келген ауа-райында, кез-келген көңіл-күйде ол отқа және суға баруға дайын. Олар оқиға орнына бірінші болып келіп, адамдарға көмектесе бастайды.
Тарас Коваленко азаматтық қорғау органдарында 2009 жылдың тамыз айынан бері қызмет етіп келеді. Қызмет еткен жылдары ҚР ТЖМ алғыс хаттарымен, ҚР ТЖМ «Оқуды үздік бітіргені үшін» төсбелгісімен, III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған.
Ақтөбе ТЖД Баспасөз қызметі