
Шендегі әйелдер Қостанай облысының азаматтық қорғау органдары жүйесінде сирек емес. Олардың арасында әртүрлі нысандарда төтенше жағдайлардың алдын алумен тікелей айналысатын мамандар бар.
Олардың қатарында азаматтық қорғау майоры, Қостанай облысы ТЖД Лисаков қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Тойғанова Айсұлу Едігенқызы бар. Ол жиырма жылдан астам уақытты азаматтық қорғау органдарындағы қызметке арнады. 2001 жылы Қостанай қаласында оқуын аяқтағаннан кейін, Лисаков қаласына жұмысқа орналасты. Осы мамандықты таңдауға себепші болған оның азаматтық қорғау органдарына өз ғұмырын арнаған және бүгінгі күнге дейін көптеген қызметкерлер үшін үлгі болып табылатын ағасы.
Осылайша, 2001 жылдың ақпан айынан бастап ол өзінің еңбек жолын Лисаков қаласының № 21 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде аға байланыс шебері лауазымында бастады. Жұмыстың негізгі міндеттерін ол тек жалпылама түсінді, алайда мамандықты мүмкіндігінше тез үйрену мақсатында барын сала бастады. Істің негіздерін түсіне отырып, оның қаншалықты күрделі, жауапты және мәртебелі мамандық екеніне көз жеткізді.
2004 жылы Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтына өрт қауіпсіздігі инженері мамандығы бойынша оқуға түсті. 2009 жылы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Тойғанова Айсұлу Лисаков қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері лауазымына тағайындалды. Көптеген ер адамдар бұл мамандық әйелдерге арналмаған деп санайды, бірақ Айслудың өзі айтып өткендей, табиғи ұқыптылық олардың тексерулерінің сапасына кепілдік береді, ал нәзіктік тіпті бұзушыларды да қарусыздандырады.
Жаңа жұмыс орнында ол әртүрлі төтенше жағдайлар мен олардың шешімдеріне тап болды. Өрт қауіпсіздігі саласындағы инспектордың жұмысы объектілерде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. Айсұлу Едігенқызы көп жылдар бойғы қызметінде өз таңдауына ешқашан өкінген емес. Күрделі қызмет пен үлкен жауапкершілікке қарамастан, ол сүйікті жар мен мейрімді ана болып қала бермек.
Қостанай облысының ТЖД
Баспасөз қызметі