«Мен болашақ құтқарушымын», «Менің сүйікті мамандығым» атты балалар арасында суреттер конкурсының қорытындысы өткізілді

«Мен болашақ құтқарушымын», «Менің сүйікті мамандығым» атты балалар арасында суреттер конкурсының қорытындысы өткізілді

Құтқарушы күнінін мерекелеуге байланысты Атырау облысы ТЖД қызметкерлері және олардың балалары арасында «Мен болашақ құтқарушымын», «Менің сүйікті мамандығым» балалар сурет байқауы өткізілді.

Байқауға 4 жастан 13 жасқа дейінгі балалардың 50-ден астам жұмыстары ұсынылды. Қатысушылардың суреттері үш жас тобы бойынша бағаланды. Бағалаудың басты критерийлері берілген тақырыпқа сәйкестік, тақырыпты ашуға шығармашылық көзқарас және орындау шеберлігі болды.

Ең жақсы жұмысты таңдау оңай болған жоқ. Суреттер қазылар алқасының мүшелерін өзіндік ерекшелігімен, қызықты сюжеттерімен және балалардың өз ата-аналарының мамандығына қандай мақтанышпен және құрметпен қарайтындығымен таң қалдырды.

Суреттер байқауын өткізе отырып, қазылар алқасы көрнекілік принципіне сүйенді. Дәл осы сурет арқылы балалар сабақта және өмірде алған өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздігі ережелері, төтенше жағдайлар кезіндегі жалпы тәртіп ережелері туралы өз ойларын ашық және толық жеткізе алды.

Байқау жеңімпаздары арасында - 4-6 жас тобында: 1 орын – Жағалбай Жанерке (6 жас), 2 орын – Нұрбек Айару (4 жас), 3 орын – Аманкос Асылым (6 жас); 7-9 жас тобында: 1 орын – Талғат Айсезім (8 жас), 2 орын – Бахит Ілияс (8 жас), 3 орын – Ерлан Перизат (8 жас); 10-13 жас тобында: 1 орын – Амандық Еркеназ (13 жас), 2 орын – Асхатқызы Назкоркем (11 жас), 3 орын – Байжан Әсет (11 жас). Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы