
Құтқарушы мамандығы – дүние жүзіндегі ең қауіпті мамандықтардың бірі. Жылжымалы сатымен көтерілуді үйрену, газ тұтқышпен қолдануды, жүгіру, секіру, ауыр салмақтарды көтеру... ал ең қиыны – өз өміріңді қатерге тігу, әрдайым біреудің өмірін сақтап қалу үшін дайын бола білу. Осындай адамдардың бірі Степногорск қ. №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Тимеев Роман Александрович.
Тимеев Роман расында да өрт сөндіруші болу үшін туылған, өйткені өрт сөндірушінің отбасынан, атасы Тимеев Муса Файзулович (майор), әкесі Тимеев Александр Мусаинович (подполковник) өрт сөндіруші болған және туған ағасы Тимеев Евгений Александрович (полковник) азаматтық қорғау органдарының зейнеткері, және ол да осы құрметті істі жалғастырып адамдарды құтқару қызметін атқарып, өрт сөндірушілер династиясын жалғастыруда. Кішкентай кезінен бастап кім боларын және қандай жұмыс атқаратынын білген. 2007 жылы мектепті аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институна оқуға түсті. 2011 жылы институтты аяқтағаннан кейін Астрахан аудынындағы №7 өрт сөндіру бөлімінде қарауыл бастығы лауазымын атқарды. Степногрск қ. №16 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері лауазымында 2012 жылдың ақпан айынан бастап қызмет етеді.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі