
ТЖМ қызметкерін еске алғанда, бірден қиыншылыққа тап болған адамдардың өмірі үшін жалынмен, апатпен күресетін құтқарушының батыл бейнесі пайда болады. Құтқарушымен бірге көмек туралы қоңыраулар қабылдайтын диспетчер құтқаруда үлкен рөл атқаратынын және құтқарушылардың шақырту бойынша қаншалықты тез жететіндігі оның шешуші әрекеттеріне байланысты екенін еске салғымыз келеді.
Қарағанды облысы ТЖД КҚЖБО Өрт байланысы орталық пунктінің диспетчері, азаматтық қорғау старшинасы Мауль Елена Николаевна. Диспетчер қоңырауларды қабылдап қана қоймайды. Ол ақпаратты нақтылайды - не және қайда болып жатыр, адамдарға қауіп бар-жоғын анықтайды және алынған ақпаратқа сүйене отырып, жіберілетін техника мен өрт сөндірушілердің саны туралы шешім қабылдайды.
«Бізге әр түрлі қоңыраулар түседі. Адамдар шынымен көмек сұрайды, балалар ойнап қоңырау шалуы мүмкін. Бір баланың қоңырауы есімде қалды. Оның жасы небәрі 4-те еді, ол үйде өрт болып жатқанын, үйде өзімен оның қарындасынан басқа ешкім жоқ екенін айтты. Мен саған мұнда қоңырау шалуды кім айтқанын біле бастадым, ол оны теледидардан, мультфильмнен көргенін және нөмірді есіне сақтап қалғанын айтты. Мен ол жерге өрт сөндіру бөлімін жібердім, құтқарушылар айтылған мекен-жайға келгенде шынымен де өрт болып жатқанын көрген. Үйде жалғыз қалған балалар от жағып ойнаған. Бұл жалған шақыру болмады, біздің батырларымыз ұл мен қызды аман алып қалды », - деп есіне түсірді диспетчер Елена.
Елена Николаевна бұл салада 1995 жылдан бері жұмыс істейді. Ол бұл мамандықты кездейсоқ таңдаған жоқ, оның анасы мен әпкесіде диспетчер болып жұмыс атқарған. «Мен кезекшілігімнің алғашқы тәулігін есімде жақсы сақтадым, әрине, уайымдадым, менің қолымнан келема деп ойландым. Мен өз жұмысыма өте жауапкершілікпен қараймын. Мен хабарламаны қаншалықты нақты, әрі жылдам қабылдап, техниканы төтенше жағдайларға жіберетініме байланысты, құтқарушылардың оқиға орнына қаншалықты тез жетуіне байланысты, мүмкін біреудің өмірін сақтап қаламыз », - дейді Елена Николаевна.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі