Білікті бөлімше командирі

Білікті бөлімше командирі

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен азаматтық қорғау органдарының 26 жылдығы қарсаңында Қызылқоға ауданы Сағыз ст. №12 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Бөкен Ерболат Оразбайұлы айтқымыз келеді.

Ерболат 1991 жылы 2 сәуірде Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз стансасында дүниеге келген. 1998 жылы Сағыз стансасындағы №9 орта мектепке бірінші сыныпқа барады. 2007 жыл мектеп бітіріп Атырау Менеджмент және Маркетинг колледжінің «Менеджер» мамандығы бойынша білім алып 2010 жылы сәтті аяқтаған. 2010-2011 жылдар аралығында Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Құсмұрын станциясындағы №6697 әскери бөлімінде отан алдындағы қызметін атқардым, әскери атағы-атқыш. Ерболат 2014 жылы Абдоллаева Маржан Даукенқызымен заңды некеге тұрған, Ерболатпен Маржанның кішкентай бұлдіршін Інжу және Иманғали есімді ұл-қыздары бар.

 2015 жылы тамыз айында Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің Қызылқоға ауданы Сағыз №12 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіруші мамандығына тағайындалған. Қазіргі таңда Қызылқоға ауданы Сағыз ст. №12 өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі лауазымын ойдағыдай атқаруда. 2016 жылдың 30 мамырында «Сағыз станциясында үздіксіз жауған нөсер жауынның салдарынан елді мекен тұрғындарын құтқаруға жұмыстарына ат салысты, 2020 жылы Қызылқоға ауданының әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталған. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып Сағыз ст. №12 ӨСБ атынан көптеген «Кіші аяқ доп» жарыстарына қатынасып жүлделі орындарға ие болып «Үздік ойыншы» атанып жүр. Көптеген өрттерге қатысып, тұрғындарды өрттен және дүние мүліктерін құтқарып қалып тұрғындардың ризашылығына бөленіп жүр.

Ерболат қазіргі таңда өз қызметінің қас шебері, жаңадан қабылданған жас қызметкерлерге тәлімгер болып үздік тәлімгер қызметін атқарып өз білгенін үлкен дәрежеде үйретуде, Ерболат дайындаған қызметкерлер өз қызметтерін ойдағыдай атқарып жақсы жағынан көрсетуде.

 

 

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі