Қостанай облысының ТЖД төрт жас қызметкері ант қабылдады

Қостанай облысының ТЖД төрт жас қызметкері ант қабылдады

Қостанай қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің алаңында салтанатты жағдайда қысқы нысанды киім киюге, қызметтік куәліктердің, керек-жарақтардың болуына көшуге дайындығын тексеру үшін жеке құрамның саптық байқауы өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің дәстүріне және өрт сөндіруші - құтқарушы мамандығына Отанға адалдық антын салтанатты түрде төрт жаңа қызметкер қабылдады.

Іс-шараның ашылуында Қазақстан Республикасының әнұраны шырқалды, Отанның туы жоғары көтерілгенде, біздің айбынды Отан қорғаушылар мақтанышпен басын көтеріп, қолын жүрегіне қойып, тіке қарап тұрды.

Қостанай облысы ТЖД бастығы полковник Б.Кәрімов жас қызметкерлерге құттықтау сөздерін жолдады: - Азаматтық қорғау органдарының қатарына кіре отырып, сіз ТЖ алдын алу және жою ісінде адамдардың қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін жоғары жауапкершілікті өз мойныңызға алдыңыз. Сіз берген ант сіздің жүрегіңізде мәңгі қалатынына және сіздің әрі қарайғы қызметіңізде сенімді бағдар болатынына сенімдімін.

Жас қызметкерлерге ТЖД бастығының орынбасары полковник А.Орымбаев пен «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі С. Көлбаев жылы лебіздерін білдірді.

Әкімбек Елдос, азаматтық қорғау аға сержанты, сондай - ақ азаматтық қорғау қатардағы жауынгерлері Бейсенбаева Мақпал, Тоқбаева Гүлназ, Әуезқанов Ерсін осы күні Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің толық құқықты қызметкерлері болды.

 Жаңа қабылданған қызметкерлер қызметтік борышын абыроймен және намыспен атқаруға ант берді. Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға, мемлекет пен қоғамның мүдделерін қорғауға, халыққа адал қызмет етуге ант берді.

 

 

 

«Қостанай облысы ТЖД ӨСжәне

АҚЖҚ» ММ баспасөз қызметі